Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Алматы облысының Жамбыл ауданындағы АЭС-тің үздік атауына жалпыхалықтық конкурсты өткізу жөніндегі комиссия құру туралы бұйрыққа қол қойды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұйрыққа сәйкес 19 қыркүйекке дейін Алматы облысы Жамбыл ауданындағы атом электр станциясының үздік атауына жалпыхалықтық байқау өткізу қағидалары бекітілуі керек. Комиссия құрамына Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы, депутаттар, журналистер мен блогерлер кірген.

"17 қазанға дейін байқау өткізілсін және Алматы облысы Жамбыл ауданындағы атом электр станциясының үздік атауы айқындалсын", — деп жазылған бұйрықта.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Үлкендегі АЭС-ке атау беру бойынша байқау жариялауды ұсынды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget