Петропавл қаласындағы «Қарасай» стадионында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кубогына өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша VIII турнирдің төртінші жарыс күні өтті, деп жазады Egemen.kz.
Жарыстар өрт мотопомпасынан жауынгерлік қанат жаю дисциплинасы бойынша ұйымдастырылды.
Кезең қорытындысы бойынша жеңімпаздар төмендегідей анықталды:
Ерлер арасында:
1-орын – Маңғыстау облысы (27,19 секунд)
2-орын – Жамбыл облысы (27,63 секунд)
3-орын – Батыс Қазақстан облысы (27,73 секунд)
Әйелдер арасында:
1-орын – Шымкент қаласы (27,18 секунд)
2-орын – Астана қаласы (27,65 секунд)
3-орын – Алматы қаласы (28,76 секунд)