БАҚ-та премьер-министрдің орынбасары — cыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ұсталғаны туралы жалған ақпарат тарап кетті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров осы ақпаратқа пікір білдірді.
"Сыртқы істер министрі ұсталғаны туралы жаңалық шындыққа жанаспайды. Біз мұны журналистік этика мен еліміздің қолданыстағы заңнамасын бұзу деп санаймыз", — деді ол.
Айта кетейік, бүгін СІМ басшысы ұсталғаны туралы ақпарат тарап кетті. Алайда бұл жалған ақпарат болып шықты.
Кейінірек Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы осы жайтқа қатысты пікір білдірді.
Еске салайық, Мұрат Нұртілеу 2023 жылғы 3 сәуірден бастап премьер-министрдің орынбасары — сыртқы істер министрі болып тағайындалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!