Танымал дінтанушы, ұстаз Нұрсұлтан Рысмағамбетов көз жұмды деген жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды Skifnews .kz ақпарат порталы.

Желіде тараған мәліметке сәйкес, «Батыр имам» атанып кеткен Нұрсұлтан Рысмағамбетұлы 30 тамыз күні сағат 23:30 шамасында дүниеден өткен. Бұл туралы Жарқын Мырзатай өзінің TikTok парақшасына жүктеген видеосында айтқан. Айтуынша, қайғылы жағдайға көлік апатынан алған жарақатының асқынуы себеп болған.

Марқұмның жаназасы туған жері — Арал ауданында, 31 тамыз күні сағат 14:35-те орталық зиратта өтеді.

Еске сала кетейік, биыл 25 шілдеде Нұрсұлтан Рысмағамбетов отбасымен бірге жол-көлік оқиғасына тап болған еді.