Ақтөбе облысында жаңадан бес мектеп ашылды. Оның төртеуі облыс орталығында, тағы біреуі ауданда орналасқан. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған білім ошақтарында оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған . Өңірде жыл соңына дейін осындай тағы 7 мектептің құрылысы аяқталады.

Алтын Орда шағын ауданындағы жаңа мектепке 1980 оқушы қабылданды. Соның 367-сі мектеп табалдырығын алғаш аттады. Олар үшін білім күні — асқақ арман мен сенімнің бастауы. Ата-аналар қауымы да ерекше толқыныста.

Бейбарыс Манасұлы, қала тұрғыны:

- Мектептің көлемі үлкен, ауласы жақсы. Бүгін 6 жасар ұлымды 1-сыныпқа алып келдым. Мектеп табалдырығын аттап жатқан оушыларға Білім күнімен құттықтап, қадамдарының нық болғанын тілеймін.

Төрт қабатты жаңа мектептің жалпы ауданы 19 мың шаршы метр. Мұнда мектепке дейінгі даярлық тобы мен бастауыш буынға арналған арнайы кабинеттер қарастырылған. Яғни, оқушылардың жас санатына қарай ыңғайлы, жайлы болуы ескерілген. Химия, физика, биология пәндеріне арналған зертханалар бар. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға да барлық жағдай жасалған.

Айсұлу Жақсыбаева, мектеп директоры:

- Сенсорлы кабинет, психолог, дефектолог, логопед арнайы мамандардың кабинеттері толық жабдықталып, біздің оқушыларымызға көмек жұмыс барысында қамтылған. Мектепте, мектептің ауласында спорт алаңдары көп. 4 спорт алаңы. Ол бірнеше бағытқа бөлінген.

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы шеңберінде өңірде 14 білім ошағы салынады. Оның екеуі көктемде қолданысқа берілсе, бүгін білім күнінде 5 мектеп ашылды. Жыл соңына дейін тағы 7 мектептің құрылысы аяқталады.

Бұлбұл Күзембаева, Білім басқармасының басшысы:

- Бес мектеп «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында салынған. Оның 4-і Ақтөбе қаласында, 1-і Мәртөк ауданының Сарыжар елдімекенінде 300 орынға арналған. Ақтөбе қаласында 2 мың орынға арналған Алтын Орда тұрғын алабында, сонымен қатар Бауырластар 3, Сазды мектебінде жаңа ғимарат 600 орынға арналған және Саяжай 1 тұрғйн үй алабында 300 орынға арналған. Осы 5 мектеп бүгін есігін бүлдіршіндерімізге айқара ашып отыр.

Жалпы Ақтөбе облысы бойынша биыл 190 мыңға жуық бала жаңа оқу жылын бастады. Оның 19 мың 298-і бірінші сыныпқа барды.

Елдос Кәкенов, Наталья Салькова , Айнадин Молдабеков, 24KZ