Иә осы ШЫҰ саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллекттің қарқынды дамуын ерекше атап өтті. 2033 жылға қарай бұл саланың нарығы 5 триллион долларға жетіп , әлемдік технология индустриясының 30%-ын қамтуы мүмкін. Осы мүмкіндікті тиімді пайдалану үшін Мемлекет басшысы өзара серіктестік орнатуға шақырды. Бұл бастама – еліміздегі цифрлық салаға да тың серпін береді,-дейді сарапшылар.
Шәріпбек Бақберген, ҚР ЦДИАӨМ Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің сарапшысы:
Осы Шанхай ынтымақтастық ұйымына кіру арқылы осы жасанды инттелект мықты дамыған мемлекеттермен бірге жұмыс істеп, солардың білім алып, солардың қатарына жетуге бізге мүмкіндік береді. Мемлекеттік басқару жүйелерінде және мемлекеттік қызмет көрсету жүйелерінде, сол секілді экономикада да, өнеркәсіптік салаларда қолдану арқылы үлкен жетістіктерге жете аламыз.
Ернұр Медет