Конституция күніне орай елдің барлық өңірінде «Таза бейсенбі» акциясы өтті, деп хабарлайды 24kz.

Тазалық шарасы аясында Қызылорда облысы Жосалы кентінің аумағы тазартылды. Дәл осындай іс-шара партияның Солтүстік Қазақстан облысындағы Шал ақын аудандық филиалы аумағында да өтті. Игі шараға «Amanat» партиясы ұйытқы болды. Саяси ұйымның бөлімше аумағы қоқыстан тазартылып, қатысушылар тұрғындарды тазалықты сақтауға шақырды. Ал Жетісу облысында Қаратал өзенінің жағалауы ретке келтірілді. 4 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық шығарылды. Шымкент қаласында дәл осындай акция жыл басынан бері 33 рет ұйымдастырылып, 2500-ден астам тұрғын қатысқан. Ақтөбе облысында партиялықтар Қобда өзенінің маңын тазартты. Жалпы науқан аясында республика бойынша 1000-нан астам учаске тазаланып, абаттандырылды. Акцияға 90 мыңдай адам қатысып, 160 мың тоннадан астам қоқыс жиналды.