Танымал радиожүргізуші, нумеролог Аяна Габуллина журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында жеке өмірінен сыр шертті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол өзінен 10 жас кіші жігітке ғашық болып қалғанын айтты.
"Менен 10 жас кіші жігітке ғашық болып қалғанмын. Бәрібір оның қасында өзіңді "мама" сезінеді екенсің. Өзім жағдайын жасап, мәпелетіп алдым. Орта жолдан өзіме: Аяна, оян, дедім. Аналық сезімім оянып кетті. Несиесіне дейін төлеп кеттім. Ғашық болсаң соқыр әрі керең болып қалады екенсің. 65 мың теңгені төлей алмай қиналған, соған көмектестім. Ол бала қарапайым такси жүргізушісі болды. Маған сөйлеу мәнері мен әңгімені қолдап отырғаны ұнап қалды. Дос ретінде сөйлесіп, әлпештеп кетіппін. Баланы да, байды да өзіміз инвалид қылып алады екенбіз", — деді ол.
Ал журналист қыз-келіншектерге жауапкершілікті бөлісу керек деген кеңес айтты.