Ата Заң әлемдік қауымдастықта өз орнымызды табуға бағыт береді .

Саяси ғылымдарының докторы, профессор Жомарт Сімтіков осындай пікірде. Ал Конституцияда жазылған нормалардың іске асырылуы «Заң мен Тәртіп» қағидатына тікелей байланысты. Әсіресе, мемлекеттік органдар үшін тәртіп – қызметтің ашықтығы мен жауапкершілігін көрсетеді, дейді профессор.

Жомарт Сімтіков, саяси ғылымдар докторы, профессор:

Ата Заңның басты мәселесі тек тәртіп емес, тәртіптің орындалуына жауапкершілік туралы ерекше көңіл аударуымыз керек. Еліміз заң жүйесін жетілдіру үшін азаматтық қоғам құруға көңіл бөлуі керек. Сонымен қатар бұл – әділеттілік мәселесі. Конституцияның әрі қарай басқа елдермен бәсекелестікте болуы үшін оның жауапкершілік мәселесі алдыңғы қатарға шығуы керек деп ойлаймын.

Айдана Қуантхан