Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Актуалды

Тоқаев АҚШ пен Ресей келіссөздерін жоғары бағалады

Тоқаев АҚШ пен Ресей келіссөздерін жоғары бағалады

Қазақстан Ресей мен АҚШ президенттерінің Анкоридждегі кездесуін Украина бойынша ең жоғары деңгейдегі келіссөздер үдерісінің бастамасы ретінде құптайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тарихи саммит екі ел басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында мүмкін болды деп санайды. Олар қазіргі заманның ең басты проблемаларына, соның ішінде Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтатуға қатысты ортақ шешім табуға шынайы ниетті екенін көрсетті.