Түркістанда тыйым салынған темекі өнімдерін өндіретін жасырын цех жабылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Арнайы операция барысында жалпы аумағы 1000 шаршы метр болатын және күнделікті 30-дан аса жұмысшы жұмылдырылған жасырын цех жойылған.

Шикізатты дайындаудан бастап логистиканы ұйымдастыруға, Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы ірі көтерме жеткізушілер арқылы сату арналарына дейінгі қылмыстық әрекеттің толық схемасы анықталған.

"Заңсыз айналымнан тыйым салынған 635 қорап дайын өнім мен азаматтардың денсаулығына зиян 57 канистр хош иістендіргіш, уытты қоспа тәркіленді. Сот санкциясымен өндірістік жабдықтар мен қылмыстық жолмен алынған көлікке тыйым салынды", — деп жазылған хабарламада.

Темекі өнімдерін заңсыз өндіру және өткізу дерегі бойынша Омашев Р. мен Ташпулатов Е.-ге сот үкімі шықты. Сот оларға айыппұл жазасын тағайындады.

Көлік пен жабдықтар мемлекет кірісіне тәркіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget