Әлемдік футбол жұлдызы Криштиану Роналду сүйіктісі Джорджина Родригеске үйлену туралы ұсыныс жасап, жауап ретінде көптен күткен «иә» сөзін естіді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл жаңалықты Родригес Instagram парақшасында бөлісті.

Ол алып мөлдір тасты сақинасын көрсеткен суретке: «Иә, мен келісемін. Бұл өмірде де, келесі өмірлерімде де» деп жазды.

Роналду мен Родригес бірге 9 жылдан бері бірге өмір сүріп келеді. Екеуі бес баланы тәрбиелеп отыр, олардың екеуі — Джорджинаның туған балалары.

Зергерлік сарапшылардың айтуынша, Роналдуның сыйға тартқан сақинасының бағасы 2,5–5 миллион доллар аралығында. Қазіргі уақытта отбасы Сауд Арабиясында тұрады, ал Роналду «Аль-Наср» клубында өнер көрсетеді.