Брюссельде бүгін ЕуроОдақ елдерінің Сыртқы істер министрлері Украинадағы ахуалды талқылайды.

Басқосу 15 тамызда АҚШ пен Ресей президенттерінің Аляскада өтетін кездесуіне байланысты ұйымдастырылып отыр. Ұйым Украина дағдарысына қатысты кез-келген шешім Киев пен Брюссельдің қатысуымен қабылдануы керек деген ұстанымда. Бұл туралы Одақтың Сыртқы саяси мекемесінің өкілі Кая Каллас мәлімдеді. «Себебі мәселе бүкіл Еуропаның қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін болады» — дейді ол.