Астанада Ұлы Абайдың 180 жылдығына арналып «Домбыра пати» шарасы өтті. Шабыт университетінен шыққан таланттар ұлттық аспаптармен хәкімнің «Көзімнің қарасын», «Желсіз түнде жарық айын» шырқап, көпшілікті керемет әсерге бөледі. Нұрлы жол көшесі бойында тұрғындар ақынның әндерін орындап, өлеңдерін оқыды.
Жаздың жылы кешінде өткен әсерлі шара, әп-сәтте қалың көпшілікті жинады. Қаланың жасы да, жасамысы да Абайдың шығармашылығынан құр алақан емес екен. Белсенділерге ұйымдастырушылар торқалы тойдан естелік ретінде сыйлықтар таратты.
Алмас Алтай, «Домбыра party» ұйымдастырушы:
Біздің домбыра party-дің мақсаты – ешқандай тақырыптық флешмоб емес, халықтың айтамsy деген әнін айтқызамыз. Ал бұл жолы Абайға қарай икемдеп, Абайдың әндерін айтсаңыздар деп отырмыз. Біз ешкімді атап, арнайылап шақырған жоқпыз. Тек әлеуметтік желі арқылы хабарландыру жібердік. Ешқандай таңдау, жарыс, конкурс емес. Өздері келіп өнер көрсетеді.
Алдияр Айтпай