Блогер, әнші Мереке Қалбаева өзінен бірнеше жас кіші күйеуімен ара қатынасы мен арадағы кикілжің туралы бар шындықты айтты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Блогер желіде жан сырын ақтарды.

«Кейде өмірде мүлде күтпеген жағдайлар болады. Амалың жоқ — қабылдайсың да, өмірді жалғастыра бересің. Келесі аялдамаға жалғыз кетіп барамын… Достар, әзірге не болғанын толық айта алмаймын. Бірақ бір нәрсені мойындаймын – кінә өзімнен. Жылап отыратын уақыт емес, бірақ әйел заты ретінде көз жасыммен жеңілдеп қалатыным рас. Тіпті айқайлап жылаймын. Түрім де өзгеріп кетті», – деп жазды ол.