Сенат депутаттары Жақып Асанов, Сұлтанбек Мәкежанов, Нұртөре Жүсіп, Алишер Сатвалдиев және Жанна Асанова еліміздің Парламенті Сенаты мен Тәжікстан Республикасы Оли Мажлисінің Маджлиси Милли арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Тұрақты комиссияның үшінші отырысына қатысып, сауда-экономикалық, цифрлық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Көлік, цифрландыру, ғылым мен білім беру салаларындағы өзара іс-қимылға, сондай-ақ туризм мен мәдени байланыстарды нығайтуға да ерекше назар аударылды.

Вице-спикер Жақып Асанов алғы­сөзінде Тәжікстанның жақын әрі сенімді серіктес ретін­дегі ерекше рөлін атап өтті. Депу­таттың айтуынша, екі халықты терең тарихи және мәдени ортақ құндылық байланыстырады.

«Тәжікстан бізге тек маңызды стратегиялық әріптес емес, сонымен қатар өте жақын мемлекет және сенімді одақтас. Екі халқымызды ғасырлар қойнауынан бастау алатын достық, ортақ мәдениет пен рухани құндылықтар біріктіреді. Елдеріміз арасында барлық деңгейде тығыз саяси байланыс орнаған, экономикалық ынтымақтастық белсенді дамып келеді, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастар да нығайып келеді. Мемлекет басшылары белгілеген тығыз өзара іс-қимыл­дың жоғары деңгейі, сөзсіз, Қазақстан мен Тәжікстан­ның заң шығару органдары арасындағы қатынастар арқылы да сақталуға тиіс», деді Ж.Асанов.

Ал тәжік тарапы парла­мент­аралық диалогті екіжақ­ты қатынастарды дамытудағы маңыз­ды құрал ретінде атап өтті. Маджлиси Милли Мадж­лиси Оли төрағасының бірінші орынба­сары Ахмадзода Раджаб екі ел арасындағы өзара құрмет­ке, сенімге және өңірлік тұрақ­ты­­лық пен тату көршілік қағи­­дат­­тарына негізделген ынтымақ­тастықтың орнықты серпінін ерекше атады.

Жиында 2025–2027 жылдарға арналған парламентаралық өзара іс-қимылдың жаңа «Жол кар­тасы» ұсынылды. Бұл құжат екі ел арасындағы ынтымақ­тас­тық­ты тереңдетуге бағыт­талған нақты іс-шараларды қам­тып, заң шығарушы орган­дар дең­гейінде орнықты байланыс­тар­дың одан әрі дамуына септігін тигізеді.