Қостанай облысында тағы да медицина қызметкері соққыға жығылды. Облыстық аурухананың тіркеу бөлімі маманымен сөзге келіп қалған науқас ашуға булығып, қол көтерген. Барлық құзырлы органдарға бірден хабарлама жіберілді. Қазір мән-жайды анықтау үшін қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Ал бірнеше апта бұрын соққыға жығылып, жансақтау бөліміне түскен дәрігер қазір амбулаторлық ем алып жатыр.
Мәдина Нағашыбай