10 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопестің концерті өтеді. Massaget.kz тілшісі ең маңызды ақпараттарға шолу жасады.

Әкімдік мәліметінше, концертке 20 мыңнан аса көрермен жиналады деп жоспарланып отыр. Барлық билет цифрлық тексерістен өтеді.

Стадионға қашаннан бастап кіруге болады?

Орталық стадионға сағат 15:00-ден бастап кіруге болады. Негізгі іс-шара сағат 19:00-де басталады.

Ұйымдастырушылар концерт басталғанға дейін бірнеше сағат бұрын келуге кеңес берді. Джей Ло сахнаға шыққанға дейін Қазақстан эстрадасының танымал әншілері өнер көрсетеді.

Стадионға қалай кіруге болады?

Негізгі кіру аймақтары:

  • Абай даңғылы жағынан: 5-қақпа — 2-18 секторлар; 6-қақпа — 19-25 секторлар, фан-аймақ және би алаңы.
  • Байтұрсынұлы көшесі жағынан: 1 және 2-қақпа (отыратын секторлар).
  • Сәтбаев және Шағабутдинов көшелері жағынан: сахна мен би аймағы.
  • Зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандар мен жүкті әйелдерге бөлек кіреберіс арналған.

Анықтама үшін:

  • VIP Standing — оңтүстік трибуна, 4-қақпа (Сәтбаев көшесі жағынан)
  • Fan Zone, Dance Floor, Free Zone — солтүстік трибуна, 6-қақпа (Абай даңғылы жағынан)
  • Секторлар 26-28, 30-32, 40-42 — шығыс трибуна, 1-қақпа (Байтұрсынұлы көшесі жағынан)
  • Секторлар 33-36, 43-47 — шығыс трибуна, 2-қақпа (Байтұрсынұлы көшесі жағынан)
  • Секторлар 2-9, 11-18 — солтүстік трибуна, 5-қақпа (Абай даңғылы жағынан)
  • Секторлар 19-22, 24, 25 — солтүстік трибуна, 6-қақпа (Абай даңғылы жағынан)

Стадионға кіру кезінде өткізу белгісін алу міндетті. Онсыз іс-шара аумағына кіруге болмайды.

Қандай көшелер жабылады?

10 тамызда сағат 14:00-ден бастап мына көшелерде көлік қозғалысы ішінара шектеледі:

  • Абай даңғылы — Байтұрсынұлы көшесі — Мұқанов көшесі — Сәтбаев көшесі.

Қалай жетуге және қалай қайтуға болады?

Орталық стадионға дейін жету және одан кері қайту үшін тегін автобустар ұйымдастырылады. Шаттл автобустар мына уақыттарда жүреді: 15:00, 15:45, 16:30, 17:15 және 18:00.

Автобустар мына аялдамалардан жүреді:

  • Halyk Arena — Халық Арена аялдамасы
  • Қалқаман — №7 қалалық аурухана аялдамасы
  • Орбита/Торайғыров пен Мұстафин қиылысы — Демирель колледжі аялдамасы
  • Райымбек/Алатау — Жәкібаев аялдамасы
  • Алматы-1 теміржол вокзалы — ЖД вокзал-1 аялдамасы
  • Almaty Arena — Алматы Арена аялдамасы

Концерттен кейін қайту бағыттары (автобустар толған соң жүреді):

  • Сәтбаев көшесі — Қалқаман
  • Байтұрсынұлы көшесінің батыс жағы — Орбита
  • Байтұрсынұлы көшесінің шығыс жағы — Алматы-1 вокзалы
  • Абай даңғылының оңтүстік жағы — Халық Арена
  • Абай даңғылының солтүстік жағы — Almaty Arena және Райымбек/Алатау

Еске салайық, 1 тамызда елордадағы Астана Арена стадионында әлемге әйгілі америкалық әнші Дженнифер Лопес Up All Night атты әлемдік туры аясында өнер көрсетті.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget