Қарағандыда ірі көлемдегі контрафакт өнім тәркіленді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

LEGO компаниясы нарықта жалған өнімдер пайда болуына байланысты арыз жазған. Осыдан кейін Қарағанды қаласының қоймалары мен дүкендеріне рейдтер жүргізілген.

"Шамамен 1 миллион теңгеге жуық сомаға 175-тен аса LEGO конструкторы тәркіленді. Сараптама өнім сапасыз имитация екенін, өндіруші туралы ақпарат жоқ екенін және түпнұсқа өнімінің стандарттарына сәйкес келмейтінін көрсетті", — деп жазылған хабарламада.

ІІМ кадры

Заң бұзғандарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget