Алматы облысында жоғалған ЕС-145 тікұшағы 11 күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Мамандар көл түбінің терең шөгуі, су астындағы нөлдік көрініс және күн райының қолайсыздығы секілді гидрографиялық күрделі жағдайға қарамастан іздеу-құтқару шараларын тоқтатқан жоқ. Қазір Сорбұлақ су қоймасы аумағында 59 автомобиль, бірқатар жүзу құралдары, ұшқышсыз ұшу аппараты мен жеке құрамның 300-ден астам маманы, георадарлар және кинологиялық топтар жұмыс істеп жатыр. Тікұшақ 25 шілдеде із-түзсіз жоғалып кеткен еді.