Газа секторына гуманитарлық көмек көрсету мақсатында алты мемлекет күш біріктірді.
Көмек көрсеткен елдер қатарында Канада, Біріккен Араб Әмірліктері, Иордания, Египет, Германия және Бельгия бар. Әуе арқылы 120-дан астам жүк жиынтығы жеткізілді. Онда азық-түлікпен қатар, күнделікті қажетті тауарлар бар. Айдың соңына дейін Испания мен Тунис те көмек жолдауды жоспарлап отыр. Айта кетейік, соңғы тәулікте аштықтан 5 адам көз жұмды. Қаза тапқандардың жалпы саны — 180-ге жеткен. Оның ішінде 93-і кәмелетке толмаған. Осыған байланысты Израиль Газаның кейбір аудандарында тактикалық үзілістер енгізді. Бұл шешім гуманитарлық жүк көлемін көбейту мақсатында қабылданды дейді сарапшылар