Португалияда орман өрті ырыққа көнбей тұр, деп хабарлайды 24kz.

Әсіресе, Авейру аймағында ахуал қиын. Күн болса 40 градусқа дейін ыстық. Қауіптің бетін қайтару үшін 3 мыңнан астам бригада жұмылдырылған. Мыңға жуық өрт сөндіру көлігі мен ондаған әуе техникасы тартылды. Соның өзінде маман күші жетіспейді. Сарапшылардың айтуынша, Португалияда осы маусымда табиғат апаты жиі болады. Былтыр орман өртінен 5 адам опат болып, ондаған адам зардап шеккен еді.