Sport Time бағдарламасы Астана қаласындағы көпқабатты үйлердің біріне арнайы табан тіредй. Бүгінгі әңгімеміз бұқаралық спорт жайында болмақ. Бұқаралық дегенде Астана қаласының әкімдігі бірер жыл бұрын Аулафит жобасын қолға алған болатын. Ол спортты барынша қолжетімді ету мақсатында және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жүзеге асырылып жатыр және оның аясында білікті мамандар, кәсіпқой спорттарда қызмет етіп жүрген немесе кәсіпқой спорттарға қатысып жүрген мамандар осындай аулаларға арнайы келіп, тегін негізде жаттығу жүргізеді. Аулафит жобасының негізгі концепциясы осындай. Біз қазір соның барысын көруге арнайы келдік және эксклюзивті сұхбаттар жазып, жергілікті тұрғындармен сөйлесіп және басы-қасындағы мамандарды да сөзге тартып арнайы шығарылым дайындамақпыз.