АҚШ-тың Техас штатында су тасқынынан опат болған адамдардың саны өсіп, 24-ке жетті.
20 қыз бала із-түзсіз жоғалып кетті. Олар жазғы лагерьге келген 700 баланың қатарында болған. Штаттың вице-губернаторы Дэн Патриктің мәлімдеуінше, өзге оқушылар құтқарылғанымен, жолдардың жабылуына байланысты эвакуациялауға мүмкіндік болмай тұр. Жауын-шашыннан Гвадалупе өзені әлі тасып жатыр. АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметі «кенеттен болатын тасқынға байланысты төтенше жағдай» режимін жариялады.
Далтон Райс, Керрвилл қаласының менеджері:
«Гвадалупе өзеніне құятын екі тармақ түнгі 3 шамасында тасып, су деңгейі бір-екі сағаттың ішінде күрт көтерілді. Бастапқыда бәрі тыныш қауіпсіз сияқты еді. Бірақ көп ұзамай су көпірге дейін жетті. Бәрі тым тез өрбіді. Қазір құтқару жұмыстары жалғасып жатыр».