Алдағы демалыс күндері АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындада үстел теннисінен «United States Smash» халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жүлде қоры 1 550 000 АҚШ долларын құрап отырған жарыста кіл мықтылар бақ сынайды. Олардың қатарында Линь Шидун (Қытай, №1), Ван Чуцинь (Қытай, №2), Уго Кальдерано (Бразилия, №3), Харимото Томокази (Жапония, №4), Лян Цзинкунь (Қытай, №5), Трулс Морегард (Швеция, №6), Феликс Лебрун (Франция, №7), Лин Юн-Джу (Тайбэй, №8), Дарко Йоргич (Словения, №9), Сян Пэн (Қытай, №10) сынды әлемдік рейтингтің көшбасшылары бар.
Дүбірлі додада Қазақ елінің намысын Кирилл Герасименко қорғайды. Еліміздің бірінші ракеткасы турнирді іріктеу кезеңінен бастайды. Оның алғашқы қарсыласы – бельгиялық Мартин Аллегро.