Колумбияның Меделлин қаласында опера әншісі тазалық мәселесіне назар аудару үшін қоқыс таситын машинаның артына мініп, ән салып жүр. Сопрано Эстефания Паласио зор даусымен қоқыс өңдеу мен оны сұрыптаудың үлкен проблемаға айналғанын елге жеткізгісі келген. Ал жергілікті тұрғындар оны ұйып тыңдайды. 15 жылдан бері сахнада жүрген әнші лирикалық туындыларын қоқыспен байланыстыру үшін бейсенбі-жұма күндері көшеге шығады екен. Айтуынша, оның әніне құлақ түрген адамдар бұдан былай қоқысты дер кезінде әрі тәртіппен тастауды ескеретіні даусыз.
Арыстан Рысбек