Алматыда «Алма-Арасан» радон бұлағына апаратын жол жаңартылып жатыр

12 мамырдан бастап автотұрақтан радон бұлағына дейінгі маршрутта кешенді жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Қазіргі кезде жол бойы көріктендіріліп, баспалдақтар мен демалыс орындары орнатылып жатыр. Сонымен қатар көпірлер жөнделіп, жаңа төсемдер төселуде. Тау жыныстарының құлау қаупіне қарсы қауіпсіздік жұмыстары қолға алынып, альпинистердің көмегімен қауіпті тастар қолмен түсірілуде. Беткейлер болат торлармен және арнайы тартпа арқанмен бекітілуде.

Жөндеу шілде соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Бірақ ауа райына байланысты уақыт өзгеруі мүмкін.

Туризм басқармасы: тұрғындар мен қала қонақтары сапар жоспарлаған кезде уақытша шектеулерді ескерсін. Қосымша ақпарат беріледі.