АҚШ президенті салықтарды енді шегермейді.
Бүкіл әлемге енгізілген тарифтердің күшіне енетін соңғы мерзімі 9 шілде. Трамп Ақ үйдің талабын орындамаған елдерге 35 пайыздық салық салынатынын ескертіп қосымша хаттар жібереді. Ақ үй басшысы осы аптада Үндістанмен келіссөз жүргізілетінін еске салды. Ал Жапония ұзақ талқы жасаса да енді тіл табыса алмайтын сияқты. Трамптың ойынша, Жапония секілді бірқатар ел АҚШ-пен сауда-саттықты тек өз пайдасы үшін пайдаланып келген.
Дональд Трамп, АҚШ Президенті
"Мен енді кідірмеймін. Әртүрлі елге арнайылап хат жолдаймын. Жапониямен келіссөз жүргізіп көрдік. Мәміле болады дегенге сенбейміз. Олардың ұстанымы қатты, бетімен кеткен. Маған Жапония, Абэ, Исиба ұнайды. Бірақ олармен тіл табысу өте қиын. Олар қажет болса да америка күрішін сатып алмайды. Ал көліктерін бізге миллиондап жібереді. Бізден бір де біреуін сатып алмаған. Бұл америкалық үшін әділетсіздік".