Жуырда Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметіне тағайындалды. Осы өзгерістен кейін "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басшысы міндетін уақытша Ерлан Қойшыбаев атқарады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес басқарма төрағасының логистика жөніндегі орынбасары ҚТЖ басшысының міндетін уақытша атқарады", – деп түсіндірді компанияның баспасөз қызметі өкілі.
ҚТЖ-ның ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, бұл қызметті 2023 жылдан бері 39 жастағы Ерлан Қойшыбаев атқарып келеді. Ол — Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниал Ахметовтың қызы Аделия Ахметованың жұбайы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!