Арменияда іздеуде жүрген ер адам Астанада ұсталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі .
Астана қаласының криминалдық полиция қызметкерлері Армения Республикасында іздеуде жүрген 43 жастағы ер адамды ұстады. Тексеріс барысында оның 2023 жылғы мамырдан бері іздеуде жүргені анықталды.
"Ол көлік басқару құқығы жоқ бола тұра, көлік тізгіндегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Іздеуді бастаған тарапқа ер адам ұсталғаны хабарланды", — деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!