Әлеуметтік желіде тұмар сынды еміздіктің жарнамасы тарап жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеп.

Блогер әйел жүкті бола алмай жүрген келіншектер осы тұмар еміздікті алса жеңіл босанып, дені сау бала туады деген желеумен саудасын жүргізіп отыр. Өзін 7 жылдық медициналық білімі бар дәрігер деп таныстырған ол осындай еміздіктермен мыңдаған әйелдің аяғын ауырлатыпты. Балалы бола алмай жүрген әйелдерді ғылыми медициналық жолмен емес, мистикалық әдіспен жүкті ететін дәрігердің айтуынша:

«Бұл жай ғана зат емес. Бұл – психологиялық якорь, ол ішкі сезімді іске қосып, баланы жоспарлауға, көтеруге және бақытты босануға дайындықты қалыптастырады. Әр жолы оған қараған кезде, қол тигізгенде немесе қасыңда ұстағанда ішіңде бір бағдарлама іске қосылады: «Мен дайынмын. Менің денем дайын. Менің сәбиім маған келе жатыр», — дейді ол.

Айтуынша, оның қызметін пайланатын келіншектер жетерлік.

«Соңғы 5 жыл ішінде мен көптеген әйелден хабарлама алдым. Алдымен олар маған осы еміздіктің жанында тұрған екі сызықты тесттің суретін жіберетін... Ал кейін – жаңа туған нәрестенің осы еміздікті алақанына ұстап тұрған суретін жібереді», — дейді ол.

Естеріңізде болса, осыған дейін Supermamasita атымен танылған блогер Әлия Байтуғаева білекке тағатын «қасиетті» қызыл жіп сатып, елді шулатқан еді. Қызыл жіптің құдіретіне имандай сенген мыңдаған адам жапа тармағай сатып алған болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ширин Араз (@shirin_araz_)