Лос-Анджелесте кино әлемінің жауһар фильмдерінің жәдігерлері бәссаудаға шығарылды.
«Эритэдж» аукцион үйінде Голливудтың атақты туындылары арқылы көрерменге жақсы таныс 9 зат сатылған. Арасында Индиана Джонстың қамшысы, «Кек алушылар» фильміндегі Тордың балғасы, «Жұлдызды соғыстардағы» шамдар бар. Ең көрнектісі 1941 жылы түсірілген «Азамат Кейн» киносындағы шана. Ол түсірілімнен кейін жоғалып кетті деп есептелген еді. Лоттардың алдын ала құны жарияланған жоқ. Аукцион 16-18 шілдеге жоспарланған. Барлығы 300-ден астам тауар сатылуы мүмкін.