Шымкенттен елдің солтүстік өңірлеріне 65 отбасы аттанды .

Олар мемлекеттік бағдарлама аясында баспанамен қамтылып, тұрақты жұмысқа орналастырылады. Сондай-ақ жанұяның әрбір мүшесі үшін 275 мың теңгеге дейін субсидия алады. Баспана бағасының тең жартысын өтеуге сертификат ұсынылады. Келісім-шартқа сәйкес, олар өңірден 5 жылға дейін ешқайда көшпеуі тиіс. Жалпы 2016 жылдан бері оңтүстіктен теріскейге көш керуені ұйымдастырылып келеді. Қоныс аударған азаматтардың 90% астамы құрылыс, білім беру, ауыл шаруашылығы мен медицина саласында еңбек етуде.

Ақлима Ертайқызы, «Ұлы көш» қоғамдық ұйымының төрайымы:

- Еңбек мобильділігінің басшылары аудан-ауданға бөліп береді. Әрқайсысының мамандығына қарай ауданның тыныс-тіршілігімен таныстырып, үйін көрсетіп, сосын жұмыс орындарымен таныстырады. Егер ұнаса, қалады.