Иранның жоғарғы басшысы аятолла Әли Хаменей Израильмен арадағы атысты тоқтату туралы келісім күшіне енгелі алғаш рет көпшілік алдына шықты. Телевизиялық үндеуінде 86 жастағы рухани жетекші елінің 12 күндік соғыста Изральді де, Құрама Штаттарды да жеңгенін жариялады. Сонымен қатар Хаменей ядролық нысандарға көп шығын келмегенін мәлімдеді.

Ал Пентагонға сенсек, бомбалау операциялары Ислам Республикасының атом бағдарламасын бірнеше жылға артқа шегерген. Осы мәселеге қатысты Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчи де мәлімдеме жасап, ядролық объектілерге келген шығын «аз емес» деді.

Ал Израиль қаржы министрлігінің болжамынша, бұл соғыстан экономикаға келген жалпы шығын 12 миллиард долларға жетуі мүмкін.

Арыстан Рысбек