Қазіргі таңда Қазақстан бойынша ҰБТ сынағы өтіп жатыр.

Ұлттық тестілеу орталығы биыл грант байқауына құжаттар қабылдау ҰБТ тестілеуі аяқталған соң, 13-20 шілде аралығында өтетінін еске салды.

Құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн немесе eGov арқылы онлайн тапсыруға болады.

Грант байқауына қатысу үшін келесі құжаттарды әзірлеу қажет:

  • жеке куәлік;
  • ҰБТ сертификаты;
  • 3х4 көлеміндегі фото;
  • орта білім туралы аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом;
  • жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар;
  • B167 "Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану" мамандығы үшін дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиясының медициналық куәландыруы керек.

Информбюроның грант байқауы қалай өтетіні туралы түсіндірме материалын осы жерден оқи аласыздар.


Оқи отырыңыз:

  • 2025 жылы қалай білім грантын жеңіп алуға болады? Маңызды он сұраққа жауап
  • "Мемлекеттік білім грантын ұлдарға көбірек беру керек". Бектенов депутаттарға жауап берді