Бүгін Сенат дәлізінде Мәулен Әшімбаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеуге сапарына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.

Мәулен Әшімбаев сапар жеке сипатта болғанын және оның ресми мәртебесі жоқ екенін айтты.

"Экс-президенттердің басқа елдердің саясаткерлерімен кездесуге құқығы бар. Мұның бәрі жеке іс-шаралар аясында өтті", — деп түсіндірді Сенат спикері.

Мәулен Әшімбаев мұндай жеке кездесулерге үлкен мән бермеуге шақырды.

"Мемлекеттік саясат, еліміздің сыртқы саяси стратегиясына қатысты мәселелерді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жүзеге асырады", — деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның тұңғыш президентінің кеңесшісі — баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың шетелге сапарына қатысты пікір білдірді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget