«Келешек мектептері» ұлттық жобасына қайта оралсақ. Мемлекет басшысының бастамасымен 2024–2025 оқу жылында 254 мың орындық 105 жаңа форматтағы мектеп пайдалануға берілген. Ал жыл аяғына дейін олардың саны 217-ге жетеді деп жоспарланып отыр. Әр балаға қолжетімді, тең мүмкіндіктер беруді көздейтін оқу орындарында робототехника кабинеттері, STEM-зертхана, хореография залы, заманауи бейнебақылау жүйесі және тағы басқа аймақтар бар.

Темірлан Нұрсолтан