Эстрада жұлдызы Меруерт Түсіпбаева той-жиындарда мобилографпен жүретін әріптестерін қатаң сынады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Өнер иесі бұл мәселені көтерген әріптесі Алтынай Жорабаеваны қолдайтынын айтқан.

“Көптен бері осы мәселені көтергім келген, Алтынай Жорабаеваға қосыламын ….. Ашық айту керек , ашық жазу керек! Және бұзауын соңынан еріткен сиырдай мобилографты жанынан бір елі қалдырмай, дәретханаға барғанының басқасын түсіріп, желіге салатындарды, өз басым түсінбей өтермін бұл заманнан…. Ана жолы, бір танымал адамның ұлының тойында, ұйымдастырушы ивент қызметкерлері, кәдімгідей тойхана есігінде тұрып алып, мобилографтарды кіргізбей, үстінде сіздерге арнайы стол жайылды деп айтып жатқанын құлағым шалып қалды… Сол дұрыс! Ондай жағдайға түсінікпен қарау керек! Тойханада әр қонақтың орны белгіленген, төленген .(Тойға мүлдем шақырылмаған адам, сол тойда жүруі ыңғайсыз емес пе…. ) Соған қарамастан, көп блогер/әншілердің жанында мобилографтар еріп жүрді , дастархан басында отырды …. Контент, статистика деген бір пәле болды ғой…”, — деп жазды ол.

Бұған дейін әнші Алтынай Жорабаева да үнемі мобилографпен жүретін әріптестеріне ескерту жасаған еді.

«Осы мобилографпен жүретін жандар! Қатты шектен шықпаңыздаршы, өтініш. Құран оқитын жер болсын, той болсын. Үнемі бірге жүреді. Қонаққа барсаң тіпті амандасқаныңа дейін, сыйлық бергеніне дейін түсіріп жүреді. Жаман көрінеді. Шын айтамын. Желіге салғанда халыққа білінбейді. Бірақ сіздің солай мобилографыңызбен кіріп келгеніңіз сырттан жаман көрінеді. Бәрі «на показ» үшін екені жаман білініп, сырттан жаман көрінеді. Жарайды, жұмысыңызды, өнеріңізді жасаңыз. Тіпті арнайы блогерлердің іс-шарасы болса да мейлі. Бірақ шектен шықпаңыздаршы. Артық айтсам, кешірім сұраймын», — деп жазды әнші.