Синоптиктер 26 мамырға жаңбыр, найзағай, дауыл, қатты жел және шаңды боран тұратынын болжап отыр. Қолайсыз ауа райы Павлодар, Қарағанды, Атырау, Түркістан, Жамбыл, Қостанай облыстарында және басқа да өңірлерде күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz
Көптеген аймақта жоғары және төтенше өрт қаупі сақталып отыр. Шығыс Қазақстан облысында түнде ауа температурасы -2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін.
Сондай-ақ бірқатар қалада найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшеюі ықтимал.