Күн бетінде күшті жарқыл болды. Ал, оның бөлшектері бүгін кешке Жер бетіне жетуі ықтимал, деп хабарлайды 24kz.

Ресей ғылым академиясы ғарыштық зерттеу институтының мәліметі бойынша геофизикалық құбылыс магнит дауылына ұласады. Оның қуаты 5 балдық деңгейлер шкаласы бойынша G4-ке дейін жетеді. Салдарынан адамдар бастары айналып, өздерін жайсыз сезінуі мүмкін. Сондай-ақ бұл электр желілері мен байланыс жүйелерінің жұмысына да әсер етуі ықтимал.