Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Актуалды

Атырауда лифт құлады: зардап шеккендер бар

Атырауда лифт құлады: зардап шеккендер бар

Бүгін, 5 қазанда Құлманов көшесінде орналасқан "Гранд Атырау" тұрғын үй кешенінде адамдар мінген лифт үшінші қабаттан құлады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Үшеуі жедел жәрдем бригадасымен медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың жағдайы қанағаттанарлық.

Бір адам медициналық көмектен бас тартты.

Атырау қаласының әкімі Данияр Таханов оқиға орнына барып, жағдаймен танысты және тұрғындармен әрі жауапты қызмет өкілдерімен кездесті.

Қала басшысы жауапты қызметтерге лифттің авариялық жағдайда құлауына себеп болған мән-жайды жедел анықтауды, сондай-ақ Атыраудағы барлық лифттің техникалық жай-күйін толық тексеріп, олардың қауіпсіздік деңгейін бағалауды тапсырды.

Мәселе Атырау әкімінің тікелей бақылауында.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Эльмира Асқарқызы