Желіде ер адамның баланы аяусыз ұрған сәтінен видео тарады. Оқиға Жамбыл облысында болғаны айтылуда. Полиция күдіктіні ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Қордайлық мұғалім баланы аяусыз ұрып, кейін жәбірленушінің ата-анасынан көпшілік алдында кешірім сұрады", – делінген жарияланған кадрлардың сипаттамасында.
Педагог оқиғаның шамамен бір жыл бұрын болғанын атап өтті. Ол өз әрекетін эмоцияға ие бола алмауымен түсіндірді. Оның айтуынша, сол кезде ол өз қателігін мойындап, жасөспірімнің анасынан кешірім сұраған. Енді ер адам оқушының отбасынан көпшілік алдында тағы да кешірім сұрады.
Жамбыл облыстық полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне аталған факті бойынша кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Күдікті ұсталды.
Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған баланың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
"Істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Олардың нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады", – деп атап өтті ведомстводағылар.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Дереккөз: Nur.kz · Эльмира Асқарқызы



