Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында жол апаты болып, шетелдіктер мінген көлік аударылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға "Бейнеу–Ақтау" республикалық маңызы бар автожолының 50-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, көлік ішінде Швейцарияның екі азаматы болған.
Хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына Маңғыстау облысы ТЖД құтқарушылары жедел жетті. Мамандар жағдайды бағалап, шетелдік азаматтарға қажет көмек көрсетті.
Кейін құтқарушылар оларды Бейнеу ауылында орналасқан қонақ үйге жеткізді. Зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болмаған.
ТЖМ азаматтарды алыс жолға шыққанда қауіпсіздік ережелерін сақтауға, көлік жағдайын алдын ала тексеруге және жолда барынша сақ болуға шақырады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!