Мемлекет басшысы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне көмірсутектер мен уран саласында жер қойнауын пайдалануды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және білім беру-сауықтыру қызметтері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына да қол қойды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысы Олжас Бектеновті қабылдады. Олжас Бектенов Президентке экономикалық реформаларды жүзеге асыру және азаматтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру бойынша бұған дейін берген тапсырмаларының іске асырылуы жөнінде баяндады.