ТЖД қызметкерлері тағы 3 адамды қар құрсауынан құтқарды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қостанай облысының Қарасу ауданында қар құрсауында қалған үш азаматқа құтқарушылардың көмегі қажет болды.

Құтқарушылар оқиға орнына жол талғамайтын "Трэкол" көлігімен жедел келіп, жеңіл автокөліктен үш жолаушыны құтқарды. Құтқару орнына жету үшін құтқарушылар 90 шақырымды еңсеруге мәжбүр болды. Құтқарылғандар Есіл қаласына жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болмады.

Оқиға орнына келген құтқарушылар адамдарды эвакуациялап, оларды Серік атындағы мектеп-интернаттың жылыту пунктіне орналастырды.

ТЖМ азаматтарға қыс мезгілінде сақтық шараларын сақтау және жолдардағы ықтимал қолайсыз жағдайларға дайын болу қажетін ескертеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget