13 қарашада Алматыда өткен Central Asia Fintech Summit аясында Ұлттық банк басшысы Тимур Сулейменов бірыңғай банкаралық QR-кодтың іске қосылғанын жариялады. Бұл қадам нарық үшін маңызды, себебі енді ірі экожүйелер, банктер мен реттеуші орган мүдделері бір арнаға тоғысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бірыңғай QR-код – жаңа қызмет емес, жаңа стандарт. Енді әр тұтынушы жобаға қатысқан жағдайда банктің қосымшасы арқылы кез келген сауда нүктесінде төлем жасай алады.
Жобада қазір Halyk, Kaspi, Нұрбанк, Freedom, Bereke, RBK, Home Credit, BCC, Altyn және Forte сияқты ірі ойыншылар бар. Осылайша, бөлшек төлем нарығының 90%-дан астамы қамтылған, бұл бірыңғай жүйеге өту үшін қажетті масса болып есептеледі.
Техникалық жағынан, бірыңғай QR жеке экожүйелердің бөліну эффектісін жояды. Сауда үшін бұл кассадағы терминалдардың азаюын білдіреді, банктер үшін төлем арналарын ұстау шығындарын оңтайландырады, ал пайдаланушылар үшін транзакциялық кедергілер төмендейді.
Нарық енді тиімді өзара әрекеттесу жүйесіне өтеді. Яғни, бәсекелестік «төлемнің қолжетімділігі» емес, қызметтер, жылдамдық, ыңғайлылық және кэшбэк бойынша болады. Бұл сала дамуын жеделдетеді және бизнестің шығындарын азайтады. Сонымен қатар шағын бизнесті ұлғайтуды жеңілдетіп, цифрлық қызметтердің одан әрі дамуына жол ашады.