Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен сыйға көлік алған әріптестеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Мен Жамбылда туғанмын. Әкем де, атам да ат үстінде шапқан. Қанда бар ғой. Қақпашылардың бәріне көлік беріп жатыр. Маған бір жылқы берсе де ризамын», – деді спортшы.
Айта кетейік, жақында кәсіпкерлер «Қайрат» футбол клубының қос қақпашысы Шерхан Қалмырзаға Exeed маркалы көлік, ал Темірлан Анарбековке Lixiang L8 маркалы көлік табыстаған болатын. Жас спортшыларға көрсетілген бұл сый құрмет қоғам тарапынан үлкен қолдау мен ынталандыру ретінде бағаланды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от АЙБЕК НАМАЗБАЙ (@aibek_zhanibekuly)