AMANAT партиясының өкілдері де "Таза Қазақстан" жалпыұлттық бастамасына атсалысты.

Партияның атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек бастаған бір топ белсенділер бүгін «Күйшiлер» аллеясына қарағай, шетен, тал және жөке ағаштарының 100-ге жуық көшетін екті. Ал саяси ұйымның бастамасымен жүзеге асқан «Таза бейсенбі» акциясы аясында маусым айынан бері 1000-нан астам ластанған учаске тазаланып, абаттандырылды. Жалпы 90 мыңға жуық адам қатысып, 160 мың тоннадан астам қоқыс жиналды.

Гүлнәр Нұрахметханова, "Amanat" партиясының мүшесі:

- Аманат партиясының ұжымы өзіміздің үлесімізді қосу мақсатында елорда бойынша ағаш отырғызып жатырмыз. Солайша өзіміздің үлесімізді қосудамыз. Президентіміз айтқан осы жалпыұлттық идеологияның өзегіне айналдыруды, сондықтан мен өз абсым осы ұсынысты қолдаймын. Сондықтан бүкіл Отандастарды, әріптес, достарды елімізді, табиғатымызды, қаламызды таза ұстауға шақырамын.