Бүгін Астанада Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының сарапшылары дайындаған «Президент Тоқаевтың дипломатиясы» монографиясының таныстырылымы өтті. Кітапта Мемлекет басшысының сыртқы саяси бағыты жан-жақты талданған. Сонымен қатар Президент дипломатиясының үш негізгі қағидасы туралы жазылған. Сондай-ақ еліміздің сыртқы саясатының заманауи жаһандық сын-қатерлерге – Ауғанстан мен Украинадағы дағдарыстарға, климаттың өзгеруіне және басқа да халықаралық оқиғаларға бейімделуіне ерекше назар аударылған. Институт директоры орынбасарының айтуынша, бұл еңбекте сыртқы және ішкі саясаттың байланысы туралы да мағлұмат бар. Монография орыс тілінде басылып шыққан. Қазір қазақ және ағылшын тілдеріне аударылып жатыр . Кітап халықаралық және академиялық зерттеушілерге арналған.
Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары:
Халықаралық ұйымдардың трансформациясы байқалады, бүгінде БҰҰ жұмысы, басқа ұйымдардың медиатор ретіндегі барлық жұмысы трансформацияға ұшырап жатыр. Соның аясында Қазақстанның сыртқы саясатына талдау жасап, бүгінде ол қалай өзгерді, қандай принциптерге негізделеді, өзгеріс неде деген сұрақтарға жауап береді. Осы мақсатта мына кітап жазылған болатын.
Асылбек Данияр