Венесуэланың Каракас қаласында жүздеген адам шеруге шықты, деп хабарлайды 24kz.

Олар биліктен АҚШ-та қалған балаларын елге қайтаруды талап етіп жатыр. Шерушілердің айтуынша, олардың ата-анасы Америкада заңсыз көші-қонға қарсы рейд кезінде ұсталып, елден шығарып жіберілген. Осындай 22 жағдай тіркелді. Тағы 3 ана бала ұрлығына қарсы шағымданып отыр. АҚШ тарапы болса, шара балаларды Латын Америкасында қылмыстық топқа қатысы бар деп күдікке ілінген ата-аналардан қорғау үшін істеліп жатқанын айтады. Шерушілер тағы Сальвадордағы қатаң режимде түрмеде отырған 250 мигрантты босатуды талап етіп отыр. Оларды бұл елге АҚШ билігі депортациялаған.